«Математика сабағында қалыптастырушы бағалаудың тиімді тәсілдері»тақырыбындағы мектепішілік семинар » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Математика сабағында қалыптастырушы бағалаудың тиімді тәсілдері»тақырыбындағы мектепішілік семинар
05
қаңтар
2023

«Математика сабағында қалыптастырушы бағалаудың тиімді тәсілдері»тақырыбындағы мектепішілік семинар


05.01.2023ж. күні мектебімізде математика пәні мұғалімдері «Математика сабағында қалыптастырушы бағалаудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы мектепішілік семинар өтті.
Семинардың мақсаты қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы мен кері байланыс жүргізудің жолдарын көрсету.
Семинар барысында Абдиманапова Салтанат "Жасырын хат, ойлан тап" тренинг-жаттығуын өткізді.
Тренинг мақсаты: Ұстаз шеберлігі, оқушының қызығушылығын арттыра алуы, әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы топты ұйымдастыра алуын арттыру. Оқыту кезіндегі бағалаудың оқушы үшін ынталандырушы әдісі ретінде қолдана білу шеберлігін арттыру.
Сералы Назгүл wooclap, quizziz бағдарламасы арқылы бағалауды көрсетті. Quizziz бағдарламасы оқушыларды бағалаудың тиімді тәсілі екенін көрсете білді. Quizziz бағдарламасы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына көмектеседі.
Шорманова Нұржамал «Матрица» әдісі арқылы бағалауды көрсетті. Сабақ барысында «Матрица» әдісін пайдалана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Жеңіс Ұлжаныс « Plickers» бағдарламасы бойынша бағалауды көрсетті. Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Букарбекова Асем «Menti mert» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Бұл семинарда қазіргі заман талап еткендей заманауи қазіргі өмірге керек мағлұматтармен таныстырды және логикалық тапсырмалар орындады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: