04
желтоқсан
2021
«Менің ауылым. Менің қалам»




03.12.2021ж. күні 2 «Д» сыныбының сынып жетекшісі Оразбаева Аяулым Нурсолтанқызы «Дүниетану» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Менің ауылым. Менің қалам».
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу.
Сабақтың мақсаты: Ауыл мен қаланың айырмашылығын ажыратып, отансүйгіштікке баулу.
Сабақ барысында әртүрлі интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылып, көрнекі құралдар пайдаланылып, сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі байқалды. Сабаққа қатысты ұсыныстар беріліп, оны ескеретіні айтылды.
Бастауыш сынып мұғалімі Аяулым Нурсолтанқызы Оразбаева сабақ мақсатына жетіп, өзінің педагогикалық шеберлігін жарқын таныта білді.