23
ақпан
2022
Дүниетану пәнінен «Менің өлкенің ауылшаруашылығы» тақырыбында ашық сабақ

АШЫҚ САБАҚТАР
«Бастау алар бұлақтың көзін ашқан,Бар білім бастауышта қалыптасқан» бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында Байсенгирова Қымбат 4 «И» сыныбымен дүниетану пәнінен «Менің өлкенің ауылшаруашылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың оқу мақсаты:
Барлық оқушылар: Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.Түсініктерін жазбаша эссе, ой-толғау түрінде көрсетеді.
Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.
Кейбір оқушылар: Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады.
Жетістік критерийлері: 4.2.3.1 - өз өңіріндегі және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі адамдардың шаруашылық қызметтерін табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланыстырып талдау.
Сабаққа мектебіміз әкімшілігі, мұғалімдер мен жас мамандар қатысып, тәжірибе алмасты.
Сабақ жоғары деңгейде өтті.