28
қазан
2021
«ПБЗ қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс

«ПБЗ қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс
(ПБЗ – Психо-белсенді заттарды)
Мектебіміздің мәжіліс залында «ПБЗ қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қалалық психикалық сауықтыру орталығының методикалық ұйымдастыру жұмыстарының қызметкерлері дәріс оқыды.
Қалалық психикалық сауықтыру орталығының телімдік психиатр-наркологы С.Б.Кенесбекова оқушыларға ПБЗ (психо-белсенді заттарды) қолданудың алдын-алу бойынша жадынама таратты. Лекция барысында оқушыларға «ПБЗ қолданудың алдын алу» тақырыбында бейнефильм көрсетілді.
ПБЗ қолданудан мектеп оқушыларының денсаулығына және өміріне қауіп төндірудің алдын-алу мақсатында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құрамында наркотикалық және психобелсенді заттарды қолдануда еліктеушілікті болдырмау мақсатында лекция оқыды. Көп жылдар бойы біздің қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі жеткіншектер мен жастар арасында психобелсенді заттарды (ары қарай ПБЗ) қолдануы мен таралуы болып отыр. Жыл сайын кәмелеттік жасқа толмағандар ПБЗ пайдаланудың құрбаны болуда. Тіпті психобелсенді заттарды аздаған көлемде қабылдағанның өзінде ол денсаулықтың қатты бұзылуына және қайғылы жағдайларға ұшыратуы мүмкін, - деді дәрігерлер.