18
қазан
2021
"Қарттарым - асыл қазынам"







Қазан айында елімізде қарттар күні аталып өтілуде. Халықаралық қарттар күні - 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар айлығы аясында Алматы қаласындағы "Шаңырақ" қарттар үйінде мектебіміздің директоры Нұрғазы Асет мырзаның қолдауымен оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурабилова Гүлбану Азимжанқызының ұйымдастыруымен "Қарттарым - асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қатысқан мектебіміздің психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының мамандарына, мұғалімдеріміз бен оқушыларымызға қарттар үйіндегі қажылық парызын орындап қайтқан Тайғаринова Айымторы апамыз батасын беріп, ата-апаларымыз алғыстарын білдірді.
#Қарттардыңжанындаберекебар
#қазанайықарттарайы
#қарттармерекесі