24
қазан
2019
"Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбындағы қарттар айлығына орай өткізілген іс-шаралар




Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқушылары "№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына" "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбындағы қарттар айлығына орай концерттік бағдарламамен барып қайтты. Мақсаты: ата-анасын мейірімге бөлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Қарттарды қадірлеуге дағды қалыптастыру. Оқушыларымыз бен музыка пәнінің мұғалімдері Е.Ноғайбаев, С.Тұрсынханов, аға тәлімгер А.Солтанбекұлы ән-жырмен шашу шашып, оқушылардың жүрек жарды- ақжарма тілектері жазылған "ашық хаттары" мен сыйлықтарын үлестіріп, қазыналы қарттарымыздың ақ батасын алып қайтты.