27
наурыз
2021
Мектебімізде мектепішілік "Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты", "Үздік педагог", "Алматының жыл мұғалімі" конкурстарының қорытынды кезеңі өтті










№182 жалпы білім беретін мектепте мектепішілік "Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты", "Үздік педагог", "Алматының жыл мұғалімі" конкурстарының қорытынды кезеңі өтті. Байқаулардың негізгі мақсаты:
жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын , шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарды анықтау. Байқауға үміткерлер белсене қатысып, жүлдегерлер анықталды. Атап айтсақ: «Үздік педагог-2019» байқауының «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мықтыбекова Г.Н., «Ізденімпаз ұстаз» номинациясымен тарих пәнінің мұғалімі Шулембаева Д.М., «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі Қабылова Қымбат Чырбақызы, "Үздік педагог" мектепішілік байқауының жеңімпазы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сулейменова Ж.Б. "Алматының жыл мұғалімі" мектепішілік байқауының жеңімпазы география пәні мұғалімі Нуркожаева Г.С. Дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, "Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты" байқауына Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мықтыбекова Г.Ф. жолдама алды. Байқау барысында өз іс - тәжірибелерімен бөлісіп, өздерінің жан-жақсы ұстаз екендіктерін көрсете білді. Әріптестеріміздің келесі аудандық кезеңде де шеберлігі мен біліктілігін көрсетіп, жүлделі орын алуларына тілектеспіз!