22
ақпан
2020
Мектебімізде "Жыл мұғалімі - 2020" байқауы өте жоғары деңгейде өтті
Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектепте Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін «Алматының жыл мұғалімі» байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті. Байқаудың мақсаты: оқытудың жоғары тәрбиелік әлеуеті негізінде оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, оның функционалдық сауаттылығын, сындарлы ойын, бәсекеге қабілетін дамытуда қол жеткізген шығармашыл мұғалімдерді анықтау және марапаттау арқылы педагог мәртебесін көтеру. Мектепішілік байқауда
I кезең
1. Оқытатын пәніне байланысты кәсіби олимпиадасы өткізілді
2. педагогтің портфолиосы зерттелді. Портфолиосы бойынша кәсіби жетістіктері бағаланды.
II кезең
3. «Менің жаңашыл педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы болды .
III кезең
4. «Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде ашық сабағы өткізілді.
IV кезең
5. «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында мұғалім өз сыныбының оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.
Енді соңғы V кезең
6. «Менің Қазақстанның дамуына қосқан үлесім» тақырыбындағы мұғалімнің телевизиялық таныстырылымы.
Ұзақтығы – 7 минутқа дейін Бейнеролик көмегімен өткізілді.
Байқауға қатысушы мұғалімнің телевизиялық таныстырылымында оның:
педагогикалық кредосы;
белсенді азаматтық ұстанымы;
өзгелерді өзіне тартуы;
сенімділігі;
сындарлы ойы бағаланды.
Қатысушылар:
1. Сәрсенбі Назым-орыс тілі мұғалімі
2. Алгазиева Лаззат-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
3. Нагымбаева Галия-информатика пәнінің мұғалімі
4. Кажиева Жадыра-тарих пәнінің мұғалімі
5. Сәлім Ранагүл-бастауыш сынып мұғалімі
6. Қуантай Сәния-химия пәнінің мұғалімі
Байқау қорытындысы бойынша І орын - Сәлім Ранагүл (бастауыш сынып мұғалімі), ІІ орын - Алгазиева Лаззат(қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), ІІІ орын - Кажиева Жадыра (тарих пәнінің мұғалімі) мен Сәрсенбі Назым (орыс тілі мұғалімі) иеленді.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Аудандық байқауға қатысушы әріптесімізге сәттілік тілейміз!