21
желтоқсан
2020
"Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында қыздар жиналысы


21.12.2020ж. күні мектебіміздің педагог-психологтары М.Мусанова мен А.Балтабаева 8-9 сыныптың қыздарына "Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында Зум платформасы арқылы жиналыс өткізді. Мақсаты Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу.
Жиналыс барысында қыздармен сұхбаттасу жүргізіліп, сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасалынып, ұсыныстар айтылды.