Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қашықтықтан оқу кезеңінде оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жолдары» конференциясы
28
қазан
2020

«Қашықтықтан оқу кезеңінде оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жолдары» конференциясы



МЕКТЕП ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРҒА ҰСЫНАТЫН КЕҢЕСТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ:
Мектебемізде 28.10.2020ж. күні мектеп педагог-психологтары М.К.Мусанова мен А.С.Балтабаева 3-4 сынып ата-аналарымен «Қашықтықтан оқу кезеңінде оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жолдары» тақырыбында ЗУМ платформасы арқылы конференция өтті. Мақсаты: ата-аналарға баласының сабаққа деген белсенділігін арттыру және қызығушылығын нығайту үшін қалай әрекет ету керектігі жайлы мағлұмат беру. Қандай себептерге байланысты оқуға қызығушылық жойылатынын және белсенділікті арттыру әдіс-тәсілдерін жеткізу. Конференция барысында ата-аналарға оқушыларда кездесетін апатия және жалқаулық себептері жайлы мағлұмат берілді. Сондай жағдайда ата-ана тарапынан баланы мәжбүрлеу дұрыс емес екендігі жеткізілді. Дұрысы оның себебін анықтау және балаға қолдау көрсетіп оны жігерлендіру екендігі айтылды. Оқушыда болатын сабаққа деген немқұрайлылық себептері мен салдары туралы сөз қозғалды. Сондай сәтте оны қалай, баланың қандай әрекеттері арқылы қалай білуге болатыны жайлы толық ақпарат берілді. Анықтай келе, өз балаңызбен қалай қарым-қатынас жасаған дұрыстығы туралы кеңестер айтылды. Сонымен қатар, баланың көңіл –күйіне отбасындағы психологиялық ахуал мен қарым-қатынас үлкен әсер ететіндігі жайлы айтыла келе арнайы психологиялық кеңестер де берілді. Яғни, мадақтау, көмек, қолдау. Баланың мінез-құлқын басқаруға көмектесетін құпиялар ретінде дұрыс мақтау керектігі жайлы, көмектесемін деп тапсырманы өзі орындап бергеннен керісінше, бала үшін орындамай тек балаға бағыт-бағдар беру, түсіндіру керектігі айтылды. Ал бала өзі орындағаны абзал. Сол арқылы балада өмірлік дағдыларды өз бетінше игеру қалыптасады. Қолдау білдіру үшін бірнеше ережелер ұсынылды. Конференция соңында ата-аналар баланы ұялы телефонда ұзақ отырғызбау үшін не істесе болады? Сабақ басталарда сабаққа немқұрайлылық танытқан баламен қалай жұмыс істесе болады? т.б бірнеше сұрақтарға жауап берілді. Өз ұсыныстары мен ризашылықтарын да білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: