14
қазан
2020
"5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері" тақырыбында психологтардың ата-аналармен жиналысы

ПСИХОЛОГТАР КЕҢЕСІ:
Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі-бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі жекелеген пәндерде әр түрлі пән мұғалімдердің сабақ жүргізуі оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан ата-анамен ұстаздар алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы орайда мектебіміз педагог-психологтары М.Мусанова мен А.Балтабаева 5-сынып оқушыларының ата-аналарына "5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері" тақырыбында ЗУМ платформасы арқылы жиналыс өтті. Қазірге таңдағы қашықтықтан оқыту кезеңіндегі оқушылардың орта буынға бейімделуіне байланысты ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен кеңестер айтылды.