11
ақпан
2026
«Алтын белгі» үміткерлеріне педконцилиум өтті
11.02.2025ж. күні №182 мектеп-гимназияда «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушылардың оқу жетістіктерін талдау және қорытындылау мақсатында педконцилиум өтті. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «Алтын белгі» үміткерлерінің оқу үлгерімі мен білім сапасы
2. Үміткерлердің тәртібі, қоғамдық белсенділігі және жауапкершілік деңгейі
3. Қаңтар ҰБТ қорытындысы. Аталған мәселелер бойынша «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушылардың оқу жетістіктері жеке-жеке талданды. Мектепішілік жоспар бойынша қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында алынатын бақылау жұмысы мен эссе жұмыстарының нәтижесі көрсетіліп, пән мұғалімдері оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергендігі туралы талдамаларын жасады. Алдағы уақытта қорытынды аттестация мен ҰБТ-дан жоғары нәтижеге жетеді деген сенім білдіреміз.