18
маусым
2022
«ЖАС ТҮЛЕК-2022» атты мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен салтанатты марапаттау рәсімі


2022 жылғы 17 маусымда Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алдында) «ЖАС ТҮЛЕК-2022» атты мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Қала әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы түлектерді жылы құттықтап, алға қойған мақсаттарға және жаңа жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдірді.
Мектебіміздің биылғы жылғы түлектері, "Алтын белгі" иегерлері Даулетова Меруерт, Жумалипова Толғанай, Асан Ақерке, Сұрағанова Гауһар, Мырзахан Бексұлтан Алтын белгі төсбелгісін тақты.
Құттықтаймыз! Асқақ армандарыңыз орындалсын! Біз Сіздермен мақтанамыз!
Салтанатты шара мерекелік салютпен аяқталды.