02
желтоқсан
2024
Ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану зерттеулер мен инновациялар толқыны!» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы
Мектеп-гимназиямызда 02.12-13.12.2024ж күндері аралығында ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану зерттеулер мен инновациялар толқыны!» тақырыбындағы онкүндігі басталды.
Мақсаты:
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімді кеңейту, инновациялық ойлау қабілетін дамыту және оқушыларды ғылым мен технологиядағы жаңа жетістіктермен таныстыру.
Ғылыми қызығушылықты арттыру:
• Оқушылардың химия, биология, география сияқты жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру.
Инновациялық ойлау қабілетін дамыту:
• Жас ғалымдардың шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.
• Ғылыми-зерттеу жобаларын құруға ынталандыру.
Ғылымның заманауи жетістіктерімен таныстыру:
• Технология, жасанды интеллект, нанотехнология, биотехнология және экология салаларындағы жаңалықтарды көрсету.