28
қазан
2025
Нархоз университетінде кәсіптік бағдар беруші мамандар форумы
28.10.2025ж. күні Нархоз университетінде кәсіптік бағдар беруші мамандар форумы өтті.
Нархоз университеті кәсіптік бағдар беруші мамандарға арналған форум ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар жұмысының сапасын арттыру, жастарға мамандық таңдауда тиімді бағыт беру және еңбек нарығының қазіргі талаптарын талқылау болды. Форум аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілдері мен өзекті мәселелерін талқылады.