03
қазан
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша «AI-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол» оқыту семинары
03.10.2025ж. күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «AI-Guided Career: оқушыдан маманға дейінгі жол» атты оқыту семинары өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Білім басқармасы мен ҚазҰУ бірлесе ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – мектептердегі кәсіби бағдар мамандарының біліктілігін арттыру және оқушыларға мамандық таңдауда тиімді бағыт-бағдар беру жолдарын жетілдіру. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелер мен заманауи тәсілдермен танысты.