Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдеріміздің жетістіктері
26
желтоқсан
2025

Мұғалімдеріміздің жетістіктері

МҰҒАЛІМДЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
№182 мектеп-гимназиясының директоры Әсет Нұрғазыұлының қолдауымен және информатика пәні мұғалімі Дюсупова Анардың кәсіби ұйымдастыруымен мектеп оқушылары Satbayev University қабырғасында өткен «Discovery Day of Robotics» білім беру іс-шарасына белсенді қатысты. Дюсупова А. мектеп оқушылары арасында ғылымды танымал етуге және олардың инженерлік ойлау қабілетін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін университет әкімшілігінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Оның педагогикалық сүйемелдеуімен гимназия оқушылары Qazaq Youth Science Hub аясындағы практикалық шеберлік сағаттарына қатысып, робототехника саласында құнды тәжірибе жинақтады. Бұл бастама жасөспірімдердің ғылыми әлеуетін ашып, инновациялық жобаларға деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарды. Университет басшылығы білім ордасы мен жоғары оқу орны арасындағы бұл жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалап, алғысын білдіреді. 2025 жылдың 6 желтоқсанында бекітілген бұл марапат Дюсупова Анардың кәсіби біліктілігі мен мектеп мәртебесін арттырудағы еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.
Құттықтаймыз! 💐💐💐

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: