Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нысандарды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді
22
сәуір
2025

Нысандарды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Алматы қаласы Алатау ауданы № 182 мектеп-гимназиясында  232 ұжым мүшелерінің қатысуымен нысандарды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Ұйымдастырушылар:  мектеп-гимназия директоры Асет Нұрғазы, директордың оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Нурабилова Гульбану.  Түсіндірме жұмыстарын жүргізуші ретінде ТЖД полиция бөлімінің капитаны, Алматы қалалық полиция департаментінің терроризм және экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкері Бектұр Бағдатұлы Әбутәліпов. Террористік қауіптер туралы жалпы түсінік берілді. Терроризмнің мақсаты мен түрлері және жаңа және типтік террористік әрекеттердің мысалдарын келтірді. Қоғамда және нысандарда сақтық шараларының маңызы туралы түсініктеме берілді. Нысандағы бейнебақылау, өткізу жүйелері, дабыл жүйелерінің маңызы. Қызметкерлерге: бөгде адамдарды, күдікті заттарды байқау тәсілдері қауіп анықталған жағдайда кімге және қалай хабарлау қажет екені жөнінде нақты алгоритм берді. «Күдікті затты байқадыңыз ба?», «Таныс емес адам – қауіп көзі болуы мүмкін» сияқты тақырыптарда сөз қозғады. Эвакуация жолдары мен жиналу орындарын әрбір қызметкерлер  білу қажет екендігін ескертті. "Сақ бол! Хабарла! Құтқар!" ұранымен қауіп туралы дер кезінде хабарлау. Қызметкерлер мен келушілерге қысқа әрі нақты нұсқаулық беру, террористік актіге дайындықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жасау керектігі туралы дәріс оқыды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: