04
сәуір
2025
"Жол қауіпсіздігін білу міндетің" тақырыбында түсіндірме жұмысы
Алматы қаласы Алатау ауданы №182 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларына "Жол қауіпсіздігін білу міндетің" тақырыбында түсіндірме жұмысы тәжірибе- сабақ түрінде өткізілді. Сабақ барысында түсіндірме жұмысын Буран 008 аға лейтенант Д.Нусипов, аға лейтенант С.Даниярбек Алматы қаласы Полиция департаменті Алатау ауданы 1 рота Пп. Полк қызметкерлері мен мектеп-гимназия инспекторы аға лейтенант С.Т.Турдакун жүргізді. Бала-басты байлығымыз. Балалар қауіпсіздігін сақтайық.
Сабақты ұйымдастырған директордың оқу-тәрбие ісі орынбасарлары Ж.Т.Ганиева, У.Б.Агадилова.