Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын күз – 2023» байқауы
20
қазан
2023

«Алтын күз – 2023» байқауы

 
«ТАБИҒАТ ПЕН АДАМНЫҢ ТІЛДЕСКЕНІ, ӨМІРДІҢ ҮНДЕСКЕНІ» тақырыбында өткізілетін онкүндік аясында «Gold science» «Алтын күз – 2023» байқауы өтті.
Мақсаты «Алтын күз - 2023» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
• Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау
• Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сайыс үш бөлімнен тұрады:
1. Кел танысайық Топтың эмблемасын және өздерін таныстыру
2. Қас - қағым сәт. (Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
3. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
Сайыс 7-сыныптар арасында тартысты өтті.
7 "А" Ахметқали Айша, Өнербек Сырым
7 "Ә" Мисахмет Ақнұр, Есенәлі Абдурахим
7 "Б" Рахматулла Мерей, Мәли Мұрагер
7 "В" Сейтқұл Диар, Темирова Милана
7 "Г" Ералиева Кәусар, Полат Нұрахмет
7 "И" Ғалымжан Айдана, Ерсінбай Әлихан қатысты
Оқушылар "Кел танысайық" кезеңінде топтың эмблемасын және өздерін таныстыруы өте тартымды, сөз тапқырлықтарын байқатып таныстырды. Екінші кезең "Қас - қағым сәт" (Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру) «Жапырақ теру» әдісі арқылы өтті, оқушылар бұл сайыста география биология пәндерден жапыраққа тығылған сұрақтарға мүдірми жауап берді. Үшінші сайыста «Қалдыққа жаңа өмір сыйла». Сән үлгісін көрсету (қалдық заттардан киім жасап, қандай заттан жасағанын қысқаша таныстырды).
Сайыстын соңында әділқазы алқасы ДОІО Нурабилова Гүлбану Азимжановна бастаған, әлеуметтік педагог, география пән мұғалімі Бөкенқызы Дина, Таныштыбаева Гаухар апайларымыз әділ шешімдерін берді.
Ұйымдастырушы география пән мұғалімі Нуркожаева Г.С. және биология пәнінің мұғалімі Таныштыбаева Г.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: