29
қыркүйек
2023
"Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында мерекелік іс-шара
Қарттар күніне орай жасалған жоспарға сәйкес "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпақтың бойына қарт кісілерді құрметтей білу дағдысын қалыптастыру. Үлкенге құрмет көрсетуге үйрету. Қазыналы қарттарымызға 6-сынып оқушылары ақындардың өлеңдерінен жыр шумақтарын арнаса, өнерлі балаларымыз ән-биден шашу шашты.