15
қараша
2022
«Балаға жүрек жылуы»


Мектебіміздің инклюзивті білім беру орталығының мамандары дефектолог Сембек Майра, логопед-Сарыбаева С., педагог-ассистент Утавлиева Н.М. «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында оқушылармен сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық, жақсылық туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту, қамқорлық, жақсылық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу. Мектеп директорының қолдауымен іс-шаралар мектебімізде жиі өткізіліп тұрады.
Оқушылар өздерінің ойларын еркін жеткізіп, белсене араласып, топтық, жұптық жұмыстарды М.Төрежановтың «Сары тауық пен балапандары» көріністерін көрсетті, ата-аналар балаларын қалай қызғыштай қорғайтынын көріністе дәлеледеп берді. Балаға ата-ананың жылуынан бөлек педагогтардың қолдауын көп қажет етеді. Іс-шара соңында ұйымдастырушы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурабилова кері байланыс беріп, оқушылар мен мамандарға алғысын айтып, оқушыларға сыйлықтар берілді.