04
мамыр
2022
Мектепішілік "Қолаң шаш ару" сайысы


Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Өнерлі ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында онкүндігі аясында 5-6 сынып қыздары арасында "Қолаң шаш ару" сайысы өтті.
Қазақ қызы...
Алаштың арулары қай заманда да - ұлттың ұяты.
Қолаң шашы тірсегіне түскен сұңғақ бойлы сұлулар (суретте) бүгінгі қазақ қыздары. Бүтін ұлттың ары мен ұятын, дәстүрі мен салтын бойына сіңіріп, қолаң шашына қайшы тигізбей өскен бойжеткендер - ұлттық бояуы қанық болашақтың белгісі.
«Заманына қарай адамы». Алайда, алмағайып уақыт болса да ата жолынан, ана дәстүрінен безінбей оны жаңа заманда да бойыңа қондырып, санаңда сақтап, келешек үрім-бұтағыңа табыстауға болатынын қолаң шашын қасиеті санап, қадірін қашырмай жүрген суреттегі қыздар айғақтап тұрғандай.