«Заттардың суда еруі. №5 зертханалық тәжірибе Заттардың ерігіштігін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заттардың суда еруі. №5 зертханалық тәжірибе Заттардың ерігіштігін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ
02
наурыз
2022

«Заттардың суда еруі. №5 зертханалық тәжірибе Заттардың ерігіштігін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ


АШЫҚ САБАҚТАР
Ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбындағы онкүндігі аясында химия және биология пәні мұғалімі Нургали Майнур Аксубаевна химия пәні бойынша «Заттардың суда еруі. №5 зертханалық тәжірибе Заттардың ерігіштігін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: 8.3.4.1. -заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу. 8.3.4.2.- ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушыларға сабақ барысында “Ерітінділер” туралы жалпы мағлұмат берді. Ерітінділердің ерігіштігіне байланысты түрін ажырата білді.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім сәйкестендіру тапсырмасы арқылы үй тапсырмасын сұрады. Видеоны көрсету арқылы оқушылардан жауап алып, оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшті. Сабақ тақырыбын оқушылармен анықтай отырып, оқу мақсаты мен сабақтың мақсатымен таныстырды. «Джигсо» әдісі бойынша 1-тапсырмада оқулықпен жұмыс жүргізілді. Сабақ барысында мұғалімнің түсіндірмесі жүргізіліп, оқушылар оқулықтан топтық жұмысты орындады. Әр топқа тақырыптар берілді. Топ басшысы берілген бағалау парағына топ мүшелерінің жауабына қарай сәйкес балдарын қойып отырды.
2-тапсырма. Мұғалімнің бақылауымен зертханалық жұмыс жүргізілді. Оқушылар байқалған құбылыс арқылы қорытынды жасады, дәптерлеріне жазып отырды.
Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға жеке жұмыс ретінде Ерітінділер тақырыбына байланысты есептер берілді. «Білім жәшігі» бойынша кері байланыс жүрзілді. Оқушылар тақырып бойынша алған білімдері жайлы химиялық стаканға стикерлерді жабыстырды. Мұғалім сабақта көрсетілген әдіс-тәсілдер барлығын қамти отырып, оқушылар тақырып бойынша түсіндіре отыра, оқу мақсатын орындады. . Оқушылар әр тапсырма сайын өздеріне берілген бағалау парағына бағалады. Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: