«Негізгі және туынды етістік» тақырыбында ашық сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Негізгі және туынды етістік» тақырыбында ашық сабақ
25
ақпан
2022

«Негізгі және туынды етістік» тақырыбында ашық сабақ


АШЫҚ САБАҚТАР
«Бастау алар бұлақтың көзін ашқан, Бар білім бастауышта қалыптасқан» тақырыбындағы бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында Хужабаева Елизавета Эсанбаевна 24.02.2022ж. күні 3 «З» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды етістік» тақырыбында ашық сабақ өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақтың мақсаты: негізгі және туынды етістікті анықтау,қолдану. Көптеген оқушылар сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды етістік құрай алса, кейбір оқушылар негізгі және туынды етістікке қатесіз сөйлем құрастыра алды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Жылы алақан» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Оқушылар «Оқиды»,«Түсінеді»,«Жазады» сөздерін таңдау арқылы үш топқа бөлінді. Жаңа тақырып түсіндіру барысында оқулықтағы мәтінді оқып шыққан соң,Socrative бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап береді. Бұл кезеңде балалар смартфон телефондарын қолданды. «Мәтін кім туралы?», «Оның тұңғыш оқу құралы қалай аталады?», «Ол қандай оқулық?» деген сұрақтарға жауап берді. Мәтіннен етістіктерді тауып, негізгі немесе туынды етістік екенін атады. «Кім жылдам?» әдісі Socrative бағдарламасы арқылы берілген зат есімдер мен сын есімдерге тиістісін қосымшасын жалғап, туынды етістік жасады. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалай отырып, үй тапсырмасы берілді. Сабақтың рефлексия кезеңінде смс әдісі қолданылды. Онда ортақ желіде сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Кері байланысТЫ «Менің нәтижем» Блоб ағашына қарап белгіледі. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: