«Моңғолдардың жорықтары Еуропаның саяси картасын қалай өзгертті» тақырыбындағы ашық сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Моңғолдардың жорықтары Еуропаның саяси картасын қалай өзгертті» тақырыбындағы ашық сабақ
14
желтоқсан
2021

«Моңғолдардың жорықтары Еуропаның саяси картасын қалай өзгертті» тақырыбындағы ашық сабақ


14.12.2021ж. күні тарих пәні мұғалімі Бекбанова Райхан Калипаевна дүниежүзі тарихы пәнінен «Моңғолдардың жорықтары Еуропаның саяси картасын қалай өзгертті» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: 6.3.2.5. ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау. Оқушылар сабақ барысында моңғолдардың соғыс жүргізу әдісімен танысты,моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгеркенін білді және моңғол үстемдігі кезіндегі халықаралық қатынастарды анықтады.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім сұрақ-жауап Wordwall тақтасы арқылы «Ғажайып шеңбер» әдісімен үй тапсырмасы пысықталды, оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшті. Сабақ тақырыбын оқушылармен анықтай отырып бағалау және концепт критерийлерімен таныстырды. «Инсерт әдісі» бойынша мәтінмен жұмыс жүргізілді. Сабақ барысында мұғалімнің түсіндірмесі жүргізіліп, оқушылар мәтіннен негізгі идеяны анықтап, негізі мәселерді дәптерге жазды. Оқушылар топпен жұмыс жасап топ басшысына бағалау парақшасы берілді, бағалады.
Сабақты қорытындылау Моңғол үстемдігі кезіндегі халықаралық қатынастар туралы сұрақ-жауап арқылы мұғалім оқушылардың алған білімдерін саралады. «Ең үздік жауап» берген оқушы анықталы. «Мұғалімге хабарлама әдісі» бойынша кері байланыс жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: