03
наурыз
2022
Математика пәнінен “Бөлшектер.Аралас сандар” тақырыбында ашық сабақ
АШЫҚ САБАҚТАР
«Бастау алар бұлақтың көзін ашқан, Бар білім бастауышта қалыптасқан» тақырыбындағы бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында Жиянбаева Алмагүл Турсинбековна 4 "Д" сыныбына математика пәнінен “Бөлшектер.Аралас сандар” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың оку мақсаты: Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру.
Сабақ мақсаты: дұрыс және бұрыс бөлшектерді,аралас сандарды ажыратуды үйренеді.
Сабақ оқушылардың бір-біріне сәттілік тілек айтуымен басталды. Сабақ барысында мұғалім "Пликерс" әдісі қолданды. Мұндағы мақсат оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту.
Фигураларды салыстыру арқылы аралас сандарды жазды. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында ұжымдық, жұппен, жеке жұмыс орындалды.