«Робототехника туралы түсінік. Роботтың сызық бойымен қозғалысы» » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Робототехника туралы түсінік. Роботтың сызық бойымен қозғалысы»
14
ақпан
2022

«Робототехника туралы түсінік. Роботтың сызық бойымен қозғалысы»





«Робототехника туралы түсінік. Роботтың сызық бойымен қозғалысы»
Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыра отырып, ақпараттық технологияны ғылымның барлық саласында қолдана білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етіп нақты білім қалыптастыру.
Математика, физика және инфоратика пәндері бойынша білімдерін тереңдету және қызығушылығын арттыру. Математика , информатика, физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатындағы «Цифрлық әлемге - кемел біліммен» тақырыбындағы жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 ақпан күні «Робототехника туралы түсінік. Роботтың сызық бойымен қозғалысы» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыс өткізілді.
Іс-шараға 3-4 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысыда бастауыш сыныптың фойесінде «LEGO MINDSTORMS EV3 конструкторы және құрастырылған роботтар «Жүк тасымалдағыш», «Күшік», «Робо-танк» робрттары қойылды. 3-4 сынып оқушылары жиналып болғаннан кейін оқушыларға сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылды. Сонымен қатар «Жүк тасымалдағыш» роботты сызық бойымен жүргізілді және оқушылар көріп тамашалады. «Робо-танк» роботын смартфон кұрылғысымен қалай басқаруды оқушыларға көрсетілді. Оқушылар «Робо-танк» роботын жүру алаңыда кезек-кезек жүргізді.
Жалпы сыныптан тыс жұмысқа 3-4 сыныптан 30-ға жуық оқушы қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: