Ағылшын тілі пәні бірлестігінің «Travel to England» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі пәні бірлестігінің «Travel to England» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы
11
қазан
2021

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің «Travel to England» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы




Ағылшын тілі пәні бірлестігінің  «Travel to England» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы

Мектебімізде ағылшын тілі пәні бірлестігінің «Travel to England» тақырыбындағы онкүндігі басталды.
Мақсаты: Ағылшын тілі сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Жаңартылған білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне, ыңғайлылығы мен жан-жақтылығына қарай білім алушыларға жаңа идеямен, жаңа көзқараспен өз бетімен жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ағылшын тілінде білім алушылардың өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын, ұлттық бірегейлігін, адамгершілік нормаларын және сөйлеу мәдениеті туралы білімін қалыптастыруға білім алушыны бағыттау.
Міндеті: Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін арттыру және мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру.
Онкүндіктің ашылуында 1-4 сынып оқушылары ұстаздар мен көрермендерге тақпақтар мен өлеңдерін ұсынды. Ашылуында әр түрлі ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды. Ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері белсене қатысып, ағылшын кабинеттері мен дәліздерге әр түрлі көрнекіліктер жасалды. Сондай-ақ, апталықтың ашылуында 3-сынып оқушылары флешмоб биледі және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ноғайбаева Раушан Расуловна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурабилова Гүлбану Азимжанқызына сөз берілді. Ұстаздарымыз өз тілектерін айтып, сәттілік тіледі. Апталықтың ашылуы өте жоғары деңгейде өтілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: