“To love, to enjoy, to explore English” тақырыбында ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі басталды » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “To love, to enjoy, to explore English” тақырыбында ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі басталды
09
қазан
2019

“To love, to enjoy, to explore English” тақырыбында ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі басталды

To love, to enjoy, to explore English” тақырыбында 9-19 қазан аралығында ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі басталды
Шет тілінен өткізілетін ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық ізденіске баулитын құралдың бірі болып табылады.
      Ағылшын тілінен өткізілетін онкүндіктің шаралары мектептегі атқарып жатқан жұмыстардың көрінісі, сонымен қатар шығармашылық есеп берумен теңестіруге болатынын білеміз. Іс-шараны өткізу барысында оқушылардың ағылшын тілін қаншалықты жақсы меңгеріп алғанын, тілдік білімдерінің қандай деңгейде екендігін анықтай отырып, болашақта мүмкіндіктері мол екендігіне сеніммен қарай аламыз. 
Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. 
Онкүндіктің міндеттері
  • алған білімдерін бір жүйеге келтіру және іс-тәжірибеде қолдану арқылы құзіреттілігін арттырып, әлемдегі шет тілдің таралуын айқындау. 
  • балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиесіне назар аударып, бағытталған іс-әрекеттерді жасау.
  • өз деңгейінде орындай алатын тапсырмаларды беру арқылы оқушыларды апталықтың басты кейіпкеріне айналдыру. 
      Іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың оқу тілдік және ауызекі сөйлеу қабілеттерінің арттыруы көзделді. Жеке және топтық жұмыстардың ерекшеліктеріне назар аудардық.
      Барлық іс-шараларда түрлі әдіс-тәсілдері қолдана отырып, оқушылардың жауапкершілігін арттырдық, алға қойған мақсатқа жете білуге үйреттік. Сонымен қатар қазіргі заман талабына байланысты тұғырлы үш тілді үйрету мақсатында онкүндікті ойдағыдай өткіздік. Ойлаған межемізге жеттік. Алдағы уақытта елімізге адал еңбек ету жолында қызмет етуге дайынбыз.
Мектептегі ағылшын тілінен өткізілетін іс-шаралардың кезеңдері:
  • I кезең - дайындық кезеңі. Бұл кезең іс-шаралар жоспарын құрудан басталады.  Барлық іс шаралардың өткізілетін кабинеті, уақыты анық жазылуы тиіс. Іс-шараларға қажетті материалдар және көрнекіліктер дайындалады. Акт залы, кабинеттің және қабырға газетін ілетін орынның үлестірілуі дайындалады.Суретке түсіретін фото корреспондентті таңдалады. Қазылар алқасының мүшелерін анықталады. Оқушыларға табыстайтын грамота, алғыс хаттар әзірленіп, оқушыларды марапаттайтын уақыт белгіленеді. 
  • II кезең – негізгі кезең. Бұл кезеңде онкүндіктің іс-шаралары жүргізіледі
  • III кезең- қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде қорытынды есеп беру жүргізіледі. 
Ағылшын тілі апталығының ашылуының жоспары:
09.10.2019 күні апталықтың ашылуына ағылшын мұғалімдері түгелдей дерлік қатысты. Мектеп кіре беріс фоенің безендірілуі. Ашылуында ағылшынша тақпақтар айтылып, өлеңдер оқылды 
№182 ЖББ мектептің директоры құрметті Нұрғазы Ә. ағылшын тілі апталығының ашылуымен құттықтады.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: