Мектебіміз мұғалімдеріне «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында семинар өтті » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміз мұғалімдеріне «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында семинар өтті
23
қараша
2020

Мектебіміз мұғалімдеріне «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында семинар өтті

23.11.2020ж. күні Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында семинар өтті. 
Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге  бағыт беру.
Міндеттері:
• Балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру. 
• Мұғалімнің рөлі оқушының  ішкі әлеуетін, оның рухани –адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау.
• Мұғалімдердің гуманистік педагог болуына ықпал ету.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар білім негізі және оның өзегі болып табылады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайтыны айтылды. Семинар соңында "Звездочки на земле" бейне фильмі көрсетіліп, пікір алмасу болды.




2Агадилова Улжалгас и Маржан Каражанова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: