«Жас маманның кәсіби әлеуеті мен шығармашылығын арттыру жолдары» атты мектепішілік семинар-тренинг » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас маманның кәсіби әлеуеті мен шығармашылығын арттыру жолдары» атты мектепішілік семинар-тренинг
21
қазан
2020

«Жас маманның кәсіби әлеуеті мен шығармашылығын арттыру жолдары» атты мектепішілік семинар-тренинг





Қазан айының 21 -күні  сағат 12:00-12:40 аралығында мектептің жас мамандарымен «Жас маманның кәсіби әлеуеті мен шығармашылығын арттыру жолдары» атты мектепішілік семинар-тренинг өткізілді. Еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын мамандарға түрлі ақыл-кеңестер айтылып, бағыт-бағдар берілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Солтанбеков Әли Солтанбекұлы іс-шараның мақсатымен таныстырып, жас мамандарға сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурабилова Гүлбану Әзімжанқызы «Жас маманға жақсы тілек» тақырыбында баяндама жасады. Мектеп психологтары Мусанова Минура Қуандыққызы мен Балтабаева Айдана Сапарбайқызы жас мамандарға тренинг жүргізіп, нәтижесінде болашақ жұмыстарына ден қоюға, қызығушылықтарын арттыруға бағыттады. Семинар-тренингке қатысқан мамандар кері байланыс жасап, ойларымен бөлісті. Алдағы атқаратын жұмыстары мен мақсаттарын айқындады. Аталған семинар-тренинг күтілген нәтижеге жетті. Ұйымдастырушы: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ә.Солтанбеков

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: