29
қазан
2024
Сынып жетекшілер отырысы
Білім беру ұйымдарында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің №194 бұйрығы негізінде №182 мектеп-гимназиясында 5-11 сынып жетекшілерімен семинар өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз, парасатты азаматты тәрбиелеу.