23
қараша
2021
"Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі"
Мектебімізде "Жалпы адамзаттық құндылықтар күнін" өткізу аясында "Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында педагогтармен семинар өткізілді.
Мақсаты: Ұстаздарды педагог қызметінің сипатымен, ережелерімен, педагогикалық әдеппен таныстыру.
Оқу-тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы адамгершілік қарым-қатынас пен әдептілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдері туралы түсініктерін дамыту.
Ұстаздардың бойындағы адалдық, шынайылық, мейірімділік, қайырымдылық, өз ісіне деген сүйіспеншілік қасиеттерін аша отырып, ұстаздық мамандығына деген сенімділікке тәрбиелеу.