Бастауыш сынып оқушылары «Алатау» театрында өткен «Әгугәй мен Игигәй» ертегісінің тұсаукесеріне барды » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып оқушылары «Алатау» театрында өткен «Әгугәй мен Игигәй» ертегісінің тұсаукесеріне барды
22
ақпан
2022

Бастауыш сынып оқушылары «Алатау» театрында өткен «Әгугәй мен Игигәй» ертегісінің тұсаукесеріне барды


Бастауыш сынып оқушылары «Алатау» театрында өткен «Әгугәй мен Игигәй» ертегісінің тұсаукесеріне барды.
Президентіміз биылғы жылды "Балалар жылы" деп атап көрсеткеніндей "Алатау" дәстүрлі өнер театрында «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылымда ұлттық құндылықтарымыз, яғни домбыра, халық әні, ұлттық киім, би, халық ертегілері дәріптелді. Қойылым тәрбие тал бесіктен дегендей, тектілігі тереңге тамырланған қазағымыздың ғасырлар бойғы озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге көзқарасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған.
Ертегіге келген кішкентай көрермендер ұлттық салт-дәстүрлерімізбен сусындап, көңілдері көтеріліп қайтты. Актерлер мен кішкентай көрермендер арасындағы байланыс өте жоғарғы деңгейде болды. Болашақта балаларға арналған осындай ертегілер көп болып тұрса деген ұсыныстарын да айтып кетті.
Ендеше, Балалар жылы құтты болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: