имия пәнінен «Күкірттің қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » имия пәнінен «Күкірттің қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ
25
қаңтар
2023

имия пәнінен «Күкірттің қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ


Ғылыми жаратылыстану бірлестігінің «Жаңа Қазақстан салауатты,білімді ұрпақтың бастауы» атты онкүндігінің аясында химия және биология пәні мұғалімі Нургали Майнур Аксубаевна 9 "В" сыныбына «Күкірттің қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: Білім алушыларға күкіртің маңызды қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру, қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіре отырып, талдау.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді. Wordwall платформасы арқылы үй тапсырмасы сұралды. Алдыңғы сабақпен байланыстыра отырып мүғалім саббаққа кіріспе ретінде оқушыларға ой тастап, мақсатқа сай тапсырманы орындауға нұсқаулық берді. Жаңа сабақты ашу мақсатында «Еркін жазу» әдісі арқылы оқушылар дайын ақпараттар мен оқулықтағы мәліметтердің көмегімен топта бірлесе отырып планшет тақтаға сұрақтарға жазбаша жауап жазды. Мұғалім қауіпсіз тәжірибе жасады, оқушылар қорытынды ойларын салыстыра отырып айта білді. Оқушылар «Идеал» әдісі арқылы фунционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырманы орындады. Оқушылар мәтінді QR арқылы оқып, суреттегі ақпаратты талдады. Әр топ ақылдаса отырып, идеяларын ұсынды. Оқушылардың ынтымақтастық, тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары шыңдалды. Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға нұсқаулық берілді, зерттеу жұмысы ұсынылды. Тақтаға бағалау парағы ілінді. Бағалауды мұғалім жүргізді. Сабақ барысында алған білімдерін сұрақ қою арқылы әр топқа кері байланыс берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: