«Бақытты отбасылық өмірдің шарттары» тақырыбында ашық сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бақытты отбасылық өмірдің шарттары» тақырыбында ашық сабақ
22
қаңтар
2024

«Бақытты отбасылық өмірдің шарттары» тақырыбында ашық сабақ

Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектепте «Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация» тақырыбында озат тәжірибелі ұстаздар апталығы өтуде. Мақсаты ұстаздарының кәсіптік шеберліктерін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені тарату, проблеманың мазмұнын зерттеу, ұжымның педагогикалық тәжірибесіне енгізудің жолдарын ұсыну. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі тиімділігі мен сапасын арттыру, оқу үрдісінің ғылыми теорияға негізделген таңдамалы белсенді әдістеріне көшуді талап ету. Оқыту мен тәрбие берудің заманауи әдістерін жүзеге асыру, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру. Осы орайда
19.01.2024ж. күні  9 «З» сынып оқушыларына Абдилдаева А. қазақ тілінен «Бақытты отбасылық өмірдің шарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
        Мектепті - білімнің тірегі десек, ал  мұғалім - сол мектептің жүрегі, яғни бұл мамандық иелерінің қолында адам тағдыры, болашақ ұрпақтың тәрбиесі тұр. Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу әр адамның қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен іс. Осы жолда ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: