ХАБАРЛАНДЫРУ! "ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ» ЧЕЛЛЕНДЖІ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ! "ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
07
ақпан
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ! "ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ» ЧЕЛЛЕНДЖІ


ХАБАРЛАНДЫРУ!
Сынып жетекшілер мен ата-аналар назарына!
ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ» ЧЕЛЛЕНДЖІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Бұл ереже «таңғы отбасылық жаттығу» қашықтықтан өткізілетін челленджіне даярлық және оны өткізу тәртібін айқындайды. Челленджге Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша білім беру ұйымдарының мектептерінен 1-11 сынып оқушылары отбасымен бірге қатыса алады.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Таңғы отбасылық жаттығу» қашықтықтан өткізілетін челленджі Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша білім беру ұйымдарындағы өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту, отбасылық құндылықты арттыру мақсатында өткізіледі.

ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Қатысушыларға арналған байқау шарттары:
 бейнероликтің сапасы жоғары деңгейде болуы қажет;
 дене жаттығулары спорт мекемелері, үй немесе дала жағдайында өткізіледі;
 қазақ және орыс тіліндегі бейнеролик (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс);

Челлендждің міндетті шарты: @alatau_bilim_bolimi инстаграм парақшасын атап өту және #алатау_отбасылықжаттығу хэштегімен мектептің инстаграм парақшасына жариялау.
Өту мерзімі: 7-11 ақпан 2022 ж.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: