№182 жалпы білім беретін мектебі педагогикалық ұжымына 19.08.2020ж. күні 17:00-де 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті. » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №182 жалпы білім беретін мектебі педагогикалық ұжымына 19.08.2020ж. күні 17:00-де 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті.
19
тамыз
2020

№182 жалпы білім беретін мектебі педагогикалық ұжымына 19.08.2020ж. күні 17:00-де 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті.



Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектебі педагогикалық ұжымына 19.08.2020ж. күні 17:00-де 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті. Мектеп директоры Асет Нұрғазы мырза педагогикалық кеңесті  тұжырымдамаға сай жүргізді. Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету.
Қатысушылар: әкімшілік, педагогтер.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер: 
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: