Оқушыларымыз Тәуелсіздік күніне орай «Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі!» тақырыбында эссе жазды » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларымыз Тәуелсіздік күніне орай «Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі!» тақырыбында эссе жазды
07
желтоқсан
2023

Оқушыларымыз Тәуелсіздік күніне орай «Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі!» тақырыбында эссе жазды

16-желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел атанғанына биыл 32 жыл болды. Сонау ғасырлар бойы қиыншылықты басынан өткерген халқымыз үшін тәуелсіз ел атану тәңірден келген тәтті сый. Тәуелсіздіктің арқасында бүгінге дейін көптеген жетістіктеріміз бар. Осындай берекелі елде тұру әрбір қазақстандық үшін үлкен бақыт.Еліміздің әсем де көрікті қалалары мен білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. 
Сондай-ақ, атаулы күнде №182 жалпы білім беретін мектепте «Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі!» тақырыбында 9-сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне эссе жазды. Эссе барысында  Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн екенін көрсетті.
Тәуелсіздігіміздің 32 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын. Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: