«Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік бастауы» тақырыбында кездесу » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік бастауы» тақырыбында кездесу
10
желтоқсан
2021

«Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік бастауы» тақырыбында кездесу


Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Осындай мерейлі шақта мектебімізде тарих пәні мұғалімі Толқынова Жібек Нұрахметқызы «Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік бастауы» тақырыбында кездесу өткізді.
Мақсаты: 1.Тәуелсіздігіміздің бастауы болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр ағаларымыз бен қайсар апаларымыздың ерен еңбегі мен биік рухын, өнегесін білім алушыларға паш ету.
2.Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Кездесуге Желтоқсан оқиғасы күндерінің куәгерлері, қатысушылары Аманғазы Кәріпжанұлы, Шөкей Несіпкүл, Бекжанов Нұридин келді.
Оқиға куәгерлері «Хат келді» айдары бойынша оқушылар қойған сауалдарға жауап беріп, естеліктер айтты . Әрине, етігімен су кешкен сол бір ауыр күндерді еске алу оңай болған жоқ. Дегенмен, қонақтардың Тәуелсіздік, Желтоқсан, ел, жер, ұлт туралы толғана айтқан ой-көзқарастары, тәрбиелік мәні зор әңгімелері жас буынға ерекше әсер қалдырды. Аманғазы Кәріпжанұлы өзінің Желтоқсан, Тәуелсіздік тақырыбына арнаған жалынды жырларын оқыды. Сонымен қатар мектеп кітапханасына «Желтоқсан жыры», «Желтоқсан сүргіні» атты кітабын сыйға тартты.
Тарихи-танымдық шарада еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы шыққан биік белестері мен бағындырған асулары жайлы оқушыларға көптеген мағлұмат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: