«Сабақты зерттеу - мұғалімді дамытатын үдеріс» тақырыбындағы мектепішілік коучинг » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сабақты зерттеу - мұғалімді дамытатын үдеріс» тақырыбындағы мектепішілік коучинг
10
қараша
2023

«Сабақты зерттеу - мұғалімді дамытатын үдеріс» тақырыбындағы мектепішілік коучинг

10.11.2023 ж. мектебімізде ДОІЖО Нурабилова Гульбану пән мұғалімідермен  «Сабақты зерттеу - мұғалімді дамытатын үдеріс» тақырыбында коучинг өткізді .
Мақсаты: сабақты топ болып зерттеу тәсілдері, циклдары , жоспарлау, талқылау, бақылау жолдары туралы білімді кеңейту.
Коучингтен күтілетін  нәтиже: 
Мұғалімдер: 
1) зерттеу сабағының әр қадамын анықтайды, өнімді атайды.
2) зерттеуді жүргізу циклдары, жоспарлау, бақылау,талқылау тәсілдерін тәжірибеде қолдануды зерделейді. 
Түйінді идеялар: педагогикалық тәсіл, сабақты зерттеу, зерттеу тәсілдері, қажеттілікті анықтау, сабақты бақылау, бақылау парағы мұғалімді дамытатын үдеріс»
Коучинг барысында мектеп психологы  Мусанова Минура мұғалімдермен «Қарым-қатынас жарастығы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианалды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру. Рефлексия және кері байланысқа «Конверттер»әдісі сабақты зерттеу туралы ой-пікірлерін анықтау мақсатында қолданылды. Мұғалімдер коучинг соңында  алған ой-пікірлері және әсерлерімен  бөлісті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: