«Мен кәсібімді мақтан тұтамын» тақырыбындағы кәсіптік бағдар беру іс-шарасы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен кәсібімді мақтан тұтамын» тақырыбындағы кәсіптік бағдар беру іс-шарасы
17
қазан
2023

«Мен кәсібімді мақтан тұтамын» тақырыбындағы кәсіптік бағдар беру іс-шарасы

17.10.2023ж. күні  11-сынып оқушылары арасында «Мен кәсібімді мақтан тұтамын» тақырыбында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.
Іс шараға  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  аға оқытушысы,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты  Акимжан Назым Алтынбекқызы қатысып ,адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын талқылаудан бастады. Жиын барысында білім алушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындары таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық аграрлық университетіне қалай оқуға түсуге болатындығын айтып өтті. 
Жумагалиева Гулшад Махаббетовна, phD доктор, қауымдастыстығында профессор оқушыларға университеттерді таңдау мен емтихан тапсыру, мамандықты таңдау, қанша балл жинау керек екені айтты. Кездесу аясында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Оқушылар «Мен кәсібімді мақтан тұтамын» бейнеролигін көріп, оны талқылады. Мұғалім сұрақтар жүйесін пайдалана отырып, оқушыларға мамандық таңдау жолында қандай қателіктер болады екенін түсіндірді. Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек екенін талқылады.
 11 «Ә», «В» сыныптарының белсенді оқушылары  интерактивті тапсырмаларды орындады. Мамандық таңдау жолында өздері қандай қадамдар жасағанын айтып, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Іс-шараны 11 «Ә», «В» сынып жетекшілері  Ж.Н. Толкинова, С.С.Джанабаева өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: