«Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы сынып сағаты » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы сынып сағаты
15
қыркүйек
2023

«Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы сынып сағаты

2023 жылдың 15 қыркүйегінде «Еңбек күнін» мерекелеу аясында 11-сыныпта «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: еңбекке деген оң көзқарасты, еңбек адамдарына құрметпен қарауды қалыптастыру; адал және жауапкершілікпен жұмыс істей білу адам үшін ең басты құндылық екенін түсіну;  болашақ мамандық туралы мәлімет беру.
Сынып сағаты адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын талқылаудан басталды, бұл мұғалімге оқушылармен нақты нені еңбек деп санауға болады деген сұрақтарды талқылауға мүмкіндік берді. 
Оқушылар «Еңбек» бейнеролигін көріп ,оны талқылады. Мұғалім сұрақтар жүйесін пайдалана отырып, оқушыларды «шығармашылық жұмыстың» не екенін түсінуге дайындады.
Оқушылар «Мозаика» интерактивті тапсырмасын орындады.
Сынып сағаты 11 сыныпта өткендіктен, болашақ мамандық таңдауға байланысты мәселелер талқыланды. Бейнефильмдерді көріп, талқылап, интерактивті тапсырмаларды орындады.
Сабақ мамандық таңдау тақырыбымен жалғасты. «Еңбек нарығы» бейнеролигін көріп, пікір алысу арқылы тақырып бекітілді. 
Сынып сағатын С.С.Джанабаева өткізді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: