5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау жұмыстары » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау жұмыстары
17
қазан
2023

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау жұмыстары

Мектептегі психологиялық қызметтің жылдық жоспарына сәйкес мектеп педагог-психологтары М.Мусанова мен А.Балтабаева 5-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында әдістемелер жүргізуде.
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады. Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек. Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. 10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Олар әлі ойын баласы, бір жағдайдан екінші жағдайға еркін ауысады, жақсы-жаман рольдерге тез енеді. Осы кезеңдерде алаңдаушылық деңгейі басым болады, жаңа пән мұғалімі алдында жауап бере алмау немесе барлығына үлгеріп, жан-жақтылы болып көріну сияқты өзгерістер білім сапасының түсуіне, уақтылы сабаққа қызығушылықтың әлсіреуіне әкеліп соғады. Осы орайда, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне бірлесе отырып оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру жолында көбірек көңіл бөліп, сабаққа қолданатын әдіс-тәсілдер  негізінде көбірек жұмыс жасау ұсынылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: