«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында салтанатты жиын » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында салтанатты жиын
01
қыркүйек
2023

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында салтанатты жиын

01.09.2023ж. күні «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында салтанатты жиынға 1,9,11-сыныптың оқушылары қатысты. Жүргізушілер салтанатты жиынды ашық деп жариялап, Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. 
Салтанатты жиында оқу жылының басталуымен мектеп директоры А.Нұрғазы оқушыларға ізгі тілек білдірді. Мектептің жетістіктері туралы атап өтті. Жоспар бойынша өнерлі оқушылар қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, ән мен биден шашу шашты. 1-сыныпқа қабылданған 320 оқушы өздерінің өлеңдерін оқып, өнерлерін тарту етті.  
Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері іс-шараларға қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: