"Қызықты химия. Табиғи индикатор көмегімен ерітіндінің ортасын анықтау» тақырыбында сыныптан тыс сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қызықты химия. Табиғи индикатор көмегімен ерітіндінің ортасын анықтау» тақырыбында сыныптан тыс сабақ
18
қаңтар
2023

"Қызықты химия. Табиғи индикатор көмегімен ерітіндінің ортасын анықтау» тақырыбында сыныптан тыс сабақ


"Қызықты химия. Табиғи индикатор көмегімен ерітіндінің ортасын анықтау» тақырыбында сыныптан тыс сабақ
Ғылыми жаратылыстану бірлестігінің «Жаңа Қазақстан салауатты,білімді ұрпақтың бастауы» атты онкүндігінің аясында химия және биология пәнінің мұғалімі Нургали Майнур Аксубаевна "Қызықты химия. Табиғи индикатор көмегімен ерітіндінің ортасын анықтау» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.
Оқу бағдарламасы аясында практикалық қызметті ұйымдастыру ғылыми тәсілін зерттеу дағдыларын дамытуды, оның ішінде үйде шағын жобаларды іске асыруды қамтиды. Мысалы, 7-сыныпта «Индикатор» тақырыбын химиялық индикатормен қатар оқушыларға қызыл қырыққабат немесе қызыл қызылша индикаторын өзбетінше дайындауды ұсынып, табиғи индикаторлардың спектрін тексеруге мүмкіндік беру. Оның көмегімен олар әртүрлі тұрмыстық ерітінділердің ортасын анықтай алады. Ең алдымен қызыл қырыққабаттан индикатор дайындау үшін оны майдалап турау керек. Тұндырма дайындалады, яғни қырыққабатқа қайнаған су құйып, оны салқындатқанша тұндырады. Сондай-ақ қасықпен басып араластырады. Қанық түсті әдемі ерітінді дайын болады. Табиғи индикаторларды үй жағдайында дайындау мүмкіндігі барынша қарапайым, әрі оңай.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: