"Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында мектепішілік семинар » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында мектепішілік семинар
26
ақпан
2022

"Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында мектепішілік семинар






"Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында мектепішілік семинар
26.02.2022ж. күні мектебімізде жаратылыстану-математика бірлестік жетекшісі Шаулиева Нұрғайша Тұрлыбекқызы бірлестіктегі пән мұғалімдерімен бірлесіп, жас мамандарға арналған "Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына ықпал ету.
Семинар барысында «Дарабоз» әдісі арқылы математика пәнінің мұғалімдері Н.Шорманова., А.Таирова семинар қатысушыларын топқа бөліп, логикалық тапсырмалар беру арқылы кері байланыс алды.
Информатика пәнінің мұғалімі А.Дюсупова сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалау құралдарымен таныстырды. «Баспалдақ»,«Блум таксономиясы» әдістері бойынша Н.Сералы., Д.Байболова, Күнделік kz бойынша жиынтық бағалаудың тиімділігін А. Мамырбаева., Рефлекция әдісін А. Букарбекова., Ұ.Жеңіс ой бөлісті.
Семинар өте әсерлі болды. Семинарда мектеп директоры Нұрғазы Әсет мырза және әкімшілік қатысып, кері байланыс беріп, өздерінің ойларымен бөлісіп, сабақтарды зерттеп, талдап, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті. Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивтік іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланыстың маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: