«ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» танымдық-интеллектуалдық ойынында оқушыларымыз Гран-при жеңіп алды » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» танымдық-интеллектуалдық ойынында оқушыларымыз Гран-при жеңіп алды
17
қыркүйек
2022

«ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» танымдық-интеллектуалдық ойынында оқушыларымыз Гран-при жеңіп алды


ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
16.09.2022ж. күні мектебіміздің оқушылары №180 жалпы білім беретін мектебінде аудан білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербековнаның қатысуымен 2022-2023 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барысында, балалар жылы аясында Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалардың бірі А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсаңында «ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» атты танымдық-интеллектуалдық ойынына қатысты.
Мақсаты: жасөспірімдердің қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына деген қызығушылығын ояту,ана тіліне деген құрметін арттыру. Оқушылардың білім біліктілігін сараптау арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту, өзара достық қарым-қатынас қалыптастыру, ұлттық рухын көтеру, патриоттық тәлім-тәрбие беру, өзге оқушыларға үлгі ету.
Ойын төмендегі 9 кезең бойынша ұйымдастырылды.
1. «Жаңғырық».
2. «Жыр-дария».
3. «Сөз асылы».
4. «Өнеге».
5. «Жәдігер».
6. «Мақал-cөздің мәйегі"
7. «Шамшырақ».
8. «Мирас».
9. «Сарын».
Барлық мектептің оқушылары білімділік, таланаттылық, дарындылық қырларынан танылды. Байқау нәтижесінде мектебіміз оқушылары ГРАН ПРИ иегері атанып, қалаға жолдама алды.
Мектебіміз оқушылары мен жетекшілерін құттықтаймыз! Қалалық кезеңге сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: