«Достық пен бауырластыққа 30 жыл» » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Достық пен бауырластыққа 30 жыл»
23
қыркүйек
2021

«Достық пен бауырластыққа 30 жыл»






«Достық пен бауырластыққа 30 жыл»
№ 182 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі пән бірлестігінің «Ана тілім-асыл қазынам» атты онкүндігі барысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне және Алматы-Ренн (Франция) қалалар бауырластығына 30 жылдығына орай «Достық пен бауырластыққа 30 жыл» атты эссе байқауын 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқаудың мақсаты: таңдалған тақырыпты шығармашылық тұрғыдан түсініп, сыни пікірін білдіру; Алматы Рени қалаларының тарихы мен достастық қарым-қатынастың маңыздылығын көрсету; өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру, еліміздің тарихы мен халықаралық аренадағы дәрежесін түсініп-білуге баулу. Эссенің шарттары мен талаптарын таныстырып өтілді. Сайыс барысында 9-10 сынып оқушылары жан-жақты ізденіс, жаңашыл идея, рухани мол адами қасиеттер мен бауырластық, татулықтың маңызын талдап жаза білді. Оза шапқан оқушыларымыз 10-сынып оқушысы Мырза Махамбет пен 9-сынып оқушысы Нұрбек Ақнұрға аудан көлемінде өтетін сайыста сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: